ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ!

13:34, 14 мамыр 2021

Өрттен зардап шеккен Риддерлік ағайынға Қазақстан халқы көмек қолын созуға жұмылды. Жер жерде штабтар құрылып, ең қажетті деген заттарды жинауға кірісті. Қайырымдылық керуендерінің алғашқылары Риддерге жол тартып та жатыр. Семей кәсіпкерлері қаржы аударып,  азық-түлік жөнелтуде. Нұр Отан партиясының жергілікті филиалындағы штабқа Семей тұрғындары керек-жарақтарды әкелуде.   Семей жастары да белсенділік көрсетіп, риддерлік ағайынға жанашырлық танытуда. Риддер, біз біргеміз, дегенді сөзбен емес іспен көрсете білуде.  Апат айтып келмейді, осындай қиын шақта қолдау көрсетуге ШҚО аудандары ат салысуда. Абай ауданы 2 миллион теңгеден артық қаржы аударып, гуманитарлық көмек жинауда. Көкпектілік ағайын да шет қалған жоқ. Көмек кеңсесін ашып, осы аптада қайырымдылық керуенін аттандырғалы отыр. Оңтүстік халқы да Риддермен бірге екендіктерін білдіріп жатыр. Үндеу жолдап, Шымкент қаласында штаб құрылды. Шымкенттік ағайын апаттан залал шеккен Риддерге қолдауданқалыс қала алмады.  Осылай қазақстандықтар Риддермен бірге екендіктерін іспен көрсетіп, апаттан зардап шеккен Риддер халқына көмек көрсетуге  жұмылды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...