ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Республикалық референдумның маңызы

13:30, 19 мамыр 2022

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын. Осылайша, Ата заңның 33 бабына түзетулер әзірленді. Бұл - оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз. Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Енді Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны халықтың өзі шешеді.

Республикалық референдумның басты мақсаты - нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту. Сонымен қатар, түзетулерге сәйкес Парламенттің рөлі күшейтілетінін, сондай-ақ басқарудың жаңа жүйесіне нақты көшу бекітілетінін атап өту маңызды. Қалалық мәслихат депутаты Анжела Горностаева Ата заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты бірқатар ұсыныстар білдіруде.

Конституцияда «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшу, мәслихаттардың ықпалын арттыру көзделген. Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделін енгізу мақсат етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар