ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ресми мәлімет

13:30, 12 қаңтар 2022

Қазақстан Президентінің Жарлығымен енгізілген "Төтенше жағдай" режимі кезінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Құжатқа сәйкес блокбекеттер арқылы өтетін көлік құралдарының жүріп-тұруына бірқатар шектеулер қойылды. Атап айтсақ, жеке заттар мен құжаттарды тексеру, көлік салоны мен жүктерді қадағалау жүзеге асырылады.

Террористік шабуыл кезінде  Шығыс Қазақстан облысы бойынша тонау фактілері тіркелген жоқ. Бірақ, басқа да әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар бар.

Заңбұзушылыққа әкелген оқиға зардабынан облыста 3 адам көз жұмды. Қазір ол бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғау қызметкерлері халыққа сақтық шараларын әлі де сақтап, арандатушылыққа бой алдырмауды сұрайды. Қаладағы қандай да бір күдікті факті не болмаса тұлғаны байқасаңыз жедел «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар