ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Референдумға жастар көзқарасы

17:15, 13 мамыр 2022

Елімізде маусым айына жоспарланып отырған  республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған шара Өскемен қаласында да ұйымдастырылды.

«Sarap» эксперттік клубы Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ- нің студент жастарымен кездесіп, алға жоспарланып отырған тарихи шараға кең көлемде түсінік берді. Ел азаматы ретінде әр жастың пікірі маңызды. Олар өз мүмкіндіктері мен құқығын жетік білуі үшін өзгерістермен толық танысуы керек.  Бүгінгі кездесудің басты мақсаты да сол.

Кездесуге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров та қатысты. Ата заңға енгізілер өзгерістер ел дамуына қаншалықты әсер етеді, азаматтарға берер мүмкіндігі сынды сауалдар сарапшылар арасында талқыға түсті. Мемлекет басшысының ел Парламентінің рөлін күшейту және суперпрезиденттік басқару формасынан кету туралы ұсынысы да жастар арасында қолдау табуда.

Университет студенттері де бүгінде жастар саясатына белсенді ат салысушылар қатарында. Елдегі өзгерістерге бей-жәй қарамайды.

ҚР Конституциясына жасалатын жалпыхалықтық референдумға да аз уақыт қалды. Сарапшылар Қазақстандықтардың саналы дауыс беруі еліміздің одан әрі даму бағытына әсер ететініне сенімді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...