ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары

13:31, 26 мамыр 2022

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Жиналғандар референдумның мемлекет болашағына оң өзгеріс әкелетінін айтып, алда өтетін саяси науқанды өткізудегі ұйымдастыру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова ең әуелі референдумның ел болашағын айқындайтын қадам екендігін айтты. Демократиялық елдердің басым көпшілігі мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуде референдум негізгі механизм саналады. Орталық референдум комиссиясы мүшесінің айтуынша, саяси науқан бойынша үгіт-насихат жұмыстары 3 апта бойы жүргізілгенімен де, халық арасында әлі де болса жете түсіне бермейтін мәселелері бар екендігін атап өтті. Сондықтан аймақтағы шара өтетін бірқатар учаскелерді аралау қажет дейді.

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық Заңда көрсетілген. Онда азаматтар ерікті түрде қатысады әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді. Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне де жағдай жасалады.

Ал ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев Конституцияға өзгеріс енгізуге арналған референдум турасында сөз қозғады. Оның айтуынша, Ата Заңға өзгерістер Парламент арқылы немесе республикалық референдум арқылы жүргізіледі.

Соңғы рет референдум 1995 жылы, яғни 27 жыл бұрын өтті. Басқосуға жиналғандардың сөзінше, бұл жолғы науқанның мәні мен маңызы ерекше болмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...