ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Референдум жайлы жастармен дидарласу

13:30, 25 мамыр 2022

Референдумның мән-маңызын жастарға жіті түсіндіру қажет. Осы мақсатта ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері мен оқытушыларына конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндірді. Нақты айтсақ, басқосуда суперпрезиденттік модельдің президенттіктен несімен ерекшеленетіндігін, ал түзетулердің қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін атап өтті.

Ольга Булавкина Конституцияға өзгеріс президент лауазымынан басталатындығына тоқталды. Осылайша, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Конституцияға түзетулер енгізе отырып, халық қатысатын билік институттарының оңтайлы теңгерімі қамтамасыз етілетіндігін және де елдің орнықты дамуына ықпал ететін жүйе құрылатынын таныстырды.

Сондай-ақ, жиында Парламент Мәжілісі депутаттарының 70 пайызын пропорционалды, 30 пайызын мажоритарлық сайлау жүйесі турасында да сөз болды. Президент Сенатқа қазіргідей 15 емес, 10 депутатты тағайындайды, ал Мәжілістің рөлін күшейтіп, заңды мақұлдау, не болмаса мақұлдамау құқығын қалдыратындығы айтылды.

Жиында студенттер Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуіне және де мемлекеттік компанияларды басқаруға тыйым салынатындығы жөнінде білді. Сондай-ақ Ольга Булавкина қатысушыларға облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары үшін партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу заңды түрде жүзеге асатынын айтты.

Кездесу барысында жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен белсенділері референдумға қатысты қызықтырған сауалдарын қойды. Себебі олардың әрқайсысы референдумның ел тағдыры үшін маңызды екендігін жақсы түсінеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар