ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ

17:19, 9 сәуір 2021

Иісі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы биыл сәуірдің 13-і күні басталады. Ал Ораза айт мерекесінің бірінші күні 13-ші мамыр деп белгіленді. Қасиетті Қадір түні 8 мамырдан 9-шы мамырға қараған түнге сәйкес келіп отыр. Мұсылман қауымы бұл айда ораза ұстап, ауыз аштырып, тарауық намазын оқып және құран-қатымға қатысып, пітір садаққа береді. Мүфтияттың шешімімен садақа мөлшері биыл 420 теңге болып бекітілді. Мұсылман қауымы жыл сайын асыға күтетін айлардың сұлтаны Рамазанның басталуына да санаулы күндер қалды. Жылда бұл айда мәре-сәре болып мешітке жиналып, иық тіресіп құлшылық қылатын. Былтыр да, биыл да қасиетті ай  пандемиямен тұспа тұс келіп отыр. Осы орайда 30 күн ораза ұстап, мұсылманның бес парызының бірін орындауға ниет еткен жандар қандай қағидаттарға баса назар аударғаны жөн? Ауыз бекіткенде вакцина салдыруға бола ма?» деген көптің көкейінде жүрген сауалдарға дін өкілдері жауап берді. Ал бұл жолы жасыл аймақтағылар құптан намазынан соң көпшілікпен  тарауық оқуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, Өскемен аймағы өкілдігі биылғы ораза кезінде «30 күнге 30 ғибратты шара» және « Отыз күнге отыз уағыз», «Қайырымдылық қайырлы іс», «Имам такси» секілді жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар