ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Психологиялық көмек қажет

17:15, 22 маусым 2022

Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде күн сайын бір бала өз-өзіне қол салмақ болады екен. Мұндай деректер құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында келтірілді.

Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған баланың өзін-өзі алып шығуға шамасы жетпей қалғанын көрсететін мыңдаған мысалдың біреуі ғана. Өңірлік прокуратура жиынында сөз болғандай, өткен жыл қорытындысы бойынша, Қазақстанда кәмелетке толмағандардың арасында өз-өзіне қол салу жағдайлары жиілеген. 2020 жылдан бастап бұл көрсеткіш 200-ге жетпесе, ал 2021-2022 жылдар аралығында 373 бала суицид жасамақ болған.  (перекрыть скриншот). Бір өкініштісі, облыстағы жағдай да мәз емес. Соңғы үш жыл аралығында суицидтің 23 фактісі тіркеліп, тағы 123 бала өмірмен қош айтыспақ болған. Көп жағдайда мұндай қадамға баруға отбасындағы кикілжің, айналасындағылардың түсінбеушілігі мен «жауапсыз махаббат» себеп болып жатады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыс істейтін мемлекеттік құзырлы органдар жұмысында да бірқатар кемшіліктер анықталған. Мысалға көптеген мектептерде штатта жұмыс істейтін психологтар жоқтың қасы. Ал олар өткізетін іс-шараладың нәтижесі көрінбейді. Басқосуда профилактикалық шара ретінде полицейлер тарапынан жасөспірімдер санасын улап, өлім-жітім көрсетілетін сайттарды бұғаттайтындықтары айтылды.

Жиын соңында үйлестіру кеңесі балалармен жұмыс істейтін психологтардың жұмысына баса назар аударуға мән беру керектігіне тоқталды.  Бұл үшін мектептердің барлығы психологиялық кабинеттермен жабдықталуы қажет. Осының бәрі жалпыға ортақ заңнама тұрғысында реттеліп қана қоймай, жасөспірімдермен жүйелі жұмыс істеуге арналған салалық әдіснама болуы керек екені де сөз болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...