ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Президент тапсырмалары орындалуда

13:34, 16 қыркүйек 2021

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі қала және аудан әкімдерімен құрылыс алаңдарына инженерлік инфрақұрылым жүргізу мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Аймақ басшысы жиын барысында сала басшылары мен әкімдерге алдағы жылдары қанша тұрғын үй салынатынын анықтауды тапсырды. Себебі, әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйлерді салатын компанияларды бекітіп, жұмыс көлемінің құнын есептеу қажет.  Биыл Өскеменде 23 көппәтерлі үй салынуда, оның 15-і келер жылы аяқталды.  Риддер мен Шемонаихада 60 пәтерлік үй  салынып бітті. Ал Үржар мен Зайсанда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр. Келесі жылға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Білім беру нысандарына келетін болсақ,  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елде 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес, аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне білім беру мекемелеріне қатысты қажеттіліктің бар-жоғын анықтауды тапсырды. Алдағы жоспарға сәйкес аймақта 2022 жылы 6, 2023 жылы 15 мектеп салу көзделген.

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар