ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ПАСХА МЕРЕКЕСІ

13:38, 30 сәуір 2021

1 мамырдан 2 мамырға қараған түні барлық православ христиандары Пасха діни мерекесін атап өтеді. Былтыр карантиндік шектеулердің қатаңдатылуына байланысты шіркеуге келуге тыйым салынған болатын. Ал биыл құдайға мінажат етем деушілер мерекені қалай атап өтеді? Бұл мейрамды православ христиандары Иса пайғамбардың қайта тірілген күні деп қарсы алады.  Шіркеу  ғибадатханаларында түнгі салтанатты шаралар өткізеді. Өскемен  православ шіркеуінде түні бойы құлшылық ету рәсімдері жасалады. Айта кетейік, былтыр діни рәсімдерді қала тұрғындары үйден шықпай, әлеуметтік желі арқылы тамашалаған болатын. Қаладағы Андреев кафедралды соборында өзге ғибадатханалардағыдай мерекелік Пасха құлшылығы түн ортасында басталады.  Шіркеу қызметкерлері ШҚО індеттің таралуы деңгейі бойынша «сары», ал Өскемен қаласының «қызыл» аймақта орналасуына байланысты тұрғындарды мүмкіндігінше үйде болуға шақырады. Ал бұл түнді құдайға сыйынумен өткізгісі келетіндер эпидемиологиялық сақтық шараларын ұмытпағаны жөн. Шіркеу қызметкерлері ғибадат етуге келетін азаматтарды медициналық бетперде тағып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға шақырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар