ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

13:30, 20 қазан 2021

Мәжіліс Төрағасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің Төрағасы екі ел арасындағы  парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы еліміздің Таяу Шығыстағы маңызды серіктестерінің бірі және Қазақстан басшылығы барлық салаларда екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөледі деді. Екі жақ парламентаралық үнқатысуды, соның ішінде бейінді комитеттер, ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде, сондай-ақ заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдады. Ал Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейх бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейту керегін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар