ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады

13:38, 17 қыркүйек 2021

Аймақ басшысы Даниал Ахметов  жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармаларымен кеңес өткізді. Бүгінгі күні пайдаланылмаған алқаптарды қолданысқа жарату аса маңызды. Себебі, өңірдегі шаруа қожалықтарының басым бөлігі жайылымдық жерлердің тапшылығын сезініп жатыр. Облыс әкімінің сөзінше  қазіргі таңда жердің бір бөлігін бұрынғы меншік иелері өз еркімен қайтарып жатыр. Сонымен қатар барлық қалалар мен аудандардың әкімдеріне таныстырылған ортақ белгіленген алгоритмде бекітілген. Қазіргі таңда облыста қайтарып берілуге тиіс 2,7 миллион гектар жер бар. Аталған бастама Глубокое, Аягөз және Зайсан аудандарында қарқынды жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірлде дәл қазір өнімділігі төмен және өсімдік шаруашылығы үшін тиімсіз жерлерді жайылымдық мақсатта беру мәселесін қарастырылып жатқанын жеткізді.Сондай-ақ 64 гектар жерді бірқатар елді мекендердің әкімшілік шекарасына қосу қажеттілігі бар. Жиын  соңында аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір ай ішінде мал жайылым мәселесін шешуді тапсырды.

 

 





 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар