ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Өзгерістер кезеңі

13:31, 13 мамыр 2022

Аймаққа жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина Өскеменде еріктілер және студент жастармен кездесті. Халық қалаулысы Ата  Заңға енгізілетін өзгерістер мен бүкілхалықтық референдумға қатысты сауалдарға жауап берілді.

Қазіргі таңда елде референдумның өту барысын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Мәселен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина өскемендегі жастармен кездесіп, олардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, ел үшін маңызды оқиғаға міндетті түрде қатысулары тиіс екендігін айтты.

Кездесу диалог форматында өтті. Жастар референдумға қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Данил Мусихин жоғарғы оқу орнының студенті, ерікті. Сонымен қатар ол қарт адамдарға жәрдемдесіп, сенбіліктерге  белсенді қатысады. Ол жастардың референдумға қатысулары қажет деп санайды. Себебі Қазақстанның болашағы Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты деген ойда.

Референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Елдің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, тарихи оқиғаға қатысуына мүмкіндік береді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...