ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды

13:38, 30 шілде 2021

Өскеменде тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Оқыс оқиға 22 шілде күні Глубокое ауданы, Үлбі өзенінің жағасында болған.  Куәгерлердің айтуынша,суға шомылуғысы кеткен азамат қатты ағыстан жағаға жете алмай қалған.  Александр Гурбановты  үй іші бірнеше күн бойы іздеген. 16 шілде күні ер адам жұмысқа кеттім деп қайтып оралмаған.  Туыстары алаңдатушылық танытып полиция қызметкерлеріне жүгінген. Ер адам мас күйінде жабдықталмаған су арнасында шомылған. Оқиға орнында  полиция аға лейтенанты Жасұлан Нұрнагимов пен полиция лейтенанты Айзат Амангелдіұлы болған. Полиция қызметкерлері суға батқан азаматты байқап, бірден көмекке  ұмтылған.кейін  жедел-жәрдем шақырып,  зардап шегушіні ауруханаға жеткізген. Азаматтың кім екенін анықтау барысында іздеуде жүрген жан екені білгілі болған.  Қазіргі уақытта Александрдың  жағдайы бірқалыпты. Осы ретте мамандар өңір тұрғындарына суға барар алдында сақтық  шараларымен танысып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...