ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Отбасы құндылықтары

13:30, 8 маусым 2021

Отбасы қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады және онда болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі қаланады. Дәлірек айтқанда, отбасы балаға адами құндылықтарды дәріптеп, тұлға болып қалыптасуына және қоғамда өзін дұрыс ұстауына көмектеседі. Сол себепті Тәуелсіздік алғаннан бері отбасы институтын қолдауға және отбасылық құндылықтарды жаңғыртуға үнемі назар аударылып келеді. 18 баланы тәрбиелеп отырған семейлік Виктор мен Ольга Кандыба жастардың көп балалы болудан қорықпауы керек дейді. Өйткені бүгінде мемлекет көпбалалы отбасыларға қажетті жағдайларды жасап, жан-жақты қолдау көрсетеді. Жанұяда көп баланың болғаны – үлкен бақыт. Оларды жан жақты дамытып, ел қатарлы өсіру оңай шаруа емес екені анық. Виктор мен Ольга Кандыбаның басты байлығы - балалары. Қазір олардың үлкен ұлы 29 жаста болса, ал кенжесі жақында ғана 5-ке толды. Отбасында мейірімділік, ата-анаға деген құрмет пен ізеттіліктің иісі аңқып тұр. Үлкен және тату жанұяда ырыс пен берекенің нық орнағанын байқау қиын емес. Кез келген істі жұдырықтай жұмылып бірге атқарады. Виктор мен Ольга бала тәрбиесіне баса мән бере отырып, оларды жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке дағдыландырады. Себебі әр адам болашақта өз отбасын асыра алатындай жағдайда болуы тиіс. Виктор мен Ольга әр бала жаратушының сыйы деп біледі. Сондықтан олардың бәрін бірдей,  жақсы көреді. Ата-аналарының сүйіспеншілігін сезінген балалар да кішілерге қамқорлықпен қарайды. Ұл-қыздарын еңбексүйгіштікке, үлкендерді құрметтеуге үйретіп, жақындарына жақсылық жасау сияқты рухани тәрбие беруді естен шығармайды. Виктор мен Ольганың осы ұстанымдары балаларына айнымас үлгі. Көп балалы болғанымызға бір сәт те өкінген емеспіз, - дейді Ольга Кандыба. Виктор мен Ольга Кандыбаның отбасы жыл сайын ұлғайып келеді. Үлкен балалары еңбек етіп, қоғамнан өз орындарын табуда.  Сонымен бірге, Кандыба отбасы Қазақстаннан көшуді ойламайды. Өйткені, бұл ел олар үшін балалық балғын шағы өткен, өсіп-өніп, білім алған туған Отаны. Виктор мен Ольга Кандыба бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жақсы қолдау көрсетіп отырғандығын айтады. Сондықтан жастардың үлкен отбасы болудан қорқуына негіз жоқ, - дейді отағасы.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...