ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ӨСКЕМЕННІҢ 12 КӨШЕСІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

13:36, 11 мамыр 2021

Қазіргі уақытта Өскеменнің 12 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша жолдарды қалыпқа келтірудің бірінші кезеңі 1 маусымға дейін созылады. Қала әкімі Жақсылық Омар мен тиісті мекеме өкілдері үш көшені аралап, жөндеу жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігін тексерді. Қала әкімінің айтуынша, ол жөнделіп жатқан көшелерді апта сайын аралайды. Жұмыс барысын қатаң бақылауға алған. Сонымен қатар мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер жолшылар мен университет оқытушыларынан құрылған  арнайы комиссия да тексеру жұмыстарын ұдайы ұйымдастырады. Бұл жолы зертхана қызметкерлерімен бірге жөндеуден өткен Космическая, Лихарев, Тынышпаев көшелері тексерілді. Үшеуінде де бірқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды.  Жоғарыда аталған көшелердегі орташа жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында аяқталуы тиіс. Содан кейін мердігерлер жолдарды жөндеудің екінші кезеңіне кіріседі.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...