ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады

13:36, 8 маусым 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласындағы 19 шағын ауданға еңселі ескерткіш орнатылады. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 30 метрлік көп фигуралы "Тәуелсіздік монументі" мүсіндік композициясы қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелейді. Композицияның орталығы - биіктігі 12,6 және диаметрі 11,3 метр болатын алтыбұрышты негіздегі тік ескерткіш. Оның төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бедерленген рельеф орналасқан. Монументтің орталық бөлігінде қазақ халқының бірлігі мен елдігін бейнелейтін үш би - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қойылған. Монументтің екі жағында "Жеті жарғы" заңдар жинағының үзінділері жазылған. Ескерткіштің басында қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек бейнелері орналасқан. Мүсіндер қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалады. Аталған кешеннің логикалық жалғасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жаңа аллея болмақ. Мұнда Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлының құрметіне ескерткіш қойылады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...