ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Өскемендегі көпқабатты үйдің төбесі құлады

17:17, 14 қыркүйек 2021

Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінің төбесі құлады. Бажов көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат 72 жыл бұрын салынған екен. Үй тұрғындары бұған ғимаратты жөндеуден өткізген мекеме кінәлі дейді. Ал мекеме бұған тұрғындардың өздері кәнәлі дегенді айтады. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй термо жаңғырту бағдарламасы аясында жөндеуден өткен. Ал бұл оқыс жағдай 12 қыркүйекте кешкі сағат 18-45-те болған. Ескі үйде 16 пәтер бар. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Тұрғындар үйдің апатты жағдайда екенін бұған дейін де айтқан. Бірақ жергілікті билік ешқандай шара қолданбапты. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеме өкілдері меншік иелерінің өздері жауапты дейді. 70 жылдан астам уақыт бойы ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін де алға тартты. Тұрғындар жауапты мекемені сотқа беретіндерін жеткізді. Олар қазір әкімдік бөлген камазбен опырылған бөлмедегі қалдықтарды шығарып жатыр. Шығынға батқан тұрғындар сапасыз жөндеу жұмыстары үшін әлі 15 жыл бойы ақы төлейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...