ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ ЖЕДЕЛ ШТАБТАР ҚҰРЫЛДЫ

17:15, 11 мамыр 2021

Риддер қаласына қарасты Лесхоз ауылындағы өрттен жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін Өскеменде жедел штабтар құрылды. Жекелеген азаматтар мен шаһар тұрғындарынан жиналған заттар тиелген көліктердің алғашқы легі оқиға орнына жол тартты. Естеріңізге сала кетейік, 10 мамырда Риддер қаласына қарасты Лесхоз ауылы маңындағы орманда өрт шығып, соңынан қызыл жалын елді мекенге жетіп, 35 үй  отқа оранған болатын. Өкініштісі сол, өрттің кесірінен 1948 жылы туған жергілікті тұрғын қаза болып, 1949 және 1980 жылы дүниеге келген екі ер адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта үйсіз қалған жандарға еліміздің түкпір-түкпірінен тұрмыстық заттар мен ақшалай көмектер жөнелтілуде. Шығыс Қазақстанның әр қаласы мен аудан орталықтарында көмек жинау бекеттері ашылды. Бүгін Өскеменде де бірнеше көмек көрсету орны жұмысын бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Зекет және қайырымдылық" қорының Өскемен аймағы өкілдігі мен аудан мешіттері де бұл шарадан тыс қалған жоқ. Қаладағы Халифа Алтай мешітінде "Қайырымды болсаң, Қайырымын өзің көресің" атты акция бастау алды. Сонымен қатар бүгін облыстың барлық әкімдіктері, басқармалары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері бір күндік жалақысын Риддер қаласындағы «Бірлік» қорына аударды. «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Біргеміз» акциясын жариялады.  

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...