ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ КӨШЕ АТАУЛАРЫ ӨЗГЕРДІ

13:32, 4 мамыр 2021

Өскеменде екі көшеге жаңа атау берілді. Енді Амурская мен Образцовая көшелері еліміздің білім саласына айрықша үлес қосқан ұстаз Қанипа Бітібаева мен  орыс ғалымы, химик Дмитрий Менделеев есімдерімен аталады. Қос көшенің ашылуына орай өткен салтанатты жиын жайында келесі сюжетте. Ел үшін еселі еңбек еткен көшелі тұлғалардың есімін көшелерге беру ғибратты іс. Қанипа Бітібаева саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз. Салтанатты жиынға арнайы келген жұртшылық пен қала басшылығы дара тұлғаның дара жолын еске алып, құнды естеліктерімен бөлісті. Халқына қадірлі ұстазды қатар өскен замандастары да ерекше толғаныспен еске алды. Бірлік күні мерекесімен тұспа-тұс келген шара соңында жиналған қауымның қатысуымен шырша көшеттері отырғызылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар