ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ КОМИКС-КЛУБ АШЫЛАДЫ

17:19, 15 қаңтар 2021

Өскемендегі кітапханалар қазіргі қалыптасқан жағдайға бейімделіп, оқырмандарын түрлі жаңашылдықтармен қуантуда. Облыс орталығындағы кітапханаларының бірінде жақын арада комикс-клуб ашылады. Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада жаңа жоба бастау алды. Басты мақсат жас оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылықтарын арттыру. Жоба жетекшісі Руслан Бабиров комикс клубын ашу идеясы бала кезінен ойында болғанын айтады. Оның пайымынша, қазіргі таңда бұл бағыт Қазақстанда жақсы дамып келеді және балалар мен ересектер арасында үлкен танымалдыққа ие. Комикстер балалардың күлкілі суреттері туралы әңгімелер ғана емес. Бұл жерден сіз мағыналы графикалық романдарды таба аласыз. Қазақ батырлары туралы комикстер де осында бар. Жоба жетекшісінің айтуынша, бұл қаланың жас оқырмандары арасында да өте танымал. Айта кетейік, клубтың болашақ қатысушылары да идеялар ұсынып, комикс сценарийлерін жазуға қатыса алады.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар