ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ БИЫЛ ҚАНША КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ?

13:36, 5 сәуір 2021

Өскеменде қаланың ішкі жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, 38 мың шаршы метрге асфальт жамылғысын төсеу, 12 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. Бұл үшін қалалық бюджеттен 900 миллион теңге бөлінген. Защита шағын ауданында техникалар жұмысқа кірісіп кеткен. Мұндағы Грейдерная және Тынышбаев көшелерінің асфальті ауыстырылады. Қолға алынатын жұмыстың барысы мен көлемі жергілікті тұрғындармен алдын ала келісілген.  Жалпы, биыл Өскеменнің 12 көшесі орташа жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта Буров көшесіндегі шұңқырларды жамау бойынша мердігерлер жұмысқа кіріскен. Келесі кезекте Қабанбай батыр мен Крылов көшелері. Жалпы, қала ішіндегі көшелердің 38 000 шаршы метрі жамалады. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, облыс орталығындағы барлық жол жөндеу жұмыстары маусым айының соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар, Өскемендегі 80 ауланың ішкі аумағын, тұрғын үйлердің айналасын жөндеу қолға алынады. 5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы ауыстырылады. Оңға қарай бұрылыстар да жөнделіп,  аббаттандырылады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...