
Өскеменде кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға облыстық қоғамдық кеңес пен сараптамалық топтың мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 2021-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасының жобалары талқыланды. Сондай-ақ, басқосуда Өскемен мен Риддер қалаларындағы бірнеше көше атауларын өзгерту туралы ұсыныстар қаралды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жер-су атауларының бұрынғы тарихи атауын қайтару ісі жанданғаны белгілі. Бұл бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар қолға алынғанымен идеологиялық тұрғыдан ескірген ауыл, көше атаулары әлі де аз емес. Бүгінгі жиында Өскемендегі көшелердің біріне жаңа атау беру мәселесі талқыға түсті. Бұдан бөлек жиында облыстың экономикасын дамыту жайы да сөз болды. Жиында қарастырылған жобалар жан жақты талқыланып, алдағы уақытта нақты шешімдер шығарылады.