ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Өшпес өнеге

17:16, 6 мамыр 2022

Өңірде соғыс жылдарында жазылып қазіргі күнге дейін сақтаулы тұрған басылымдардың 1-ші томы жинақталды. Онда Отан үшін қанын төккен қандастарамыздың ерең еңбегі жазылған. Бүгінгі бейбіт күніміздің себепшілерін өскелең ұрпақ ұмытпай, жадында мәңгі сақтауға дәл осы жазбалар арқау болмақ.

Жоба ұйымдастырушылары бұл жазбаларды жинақтауға бірнеше апта тер төккен. Шығысқазақстандық ардагерлерлеріміз туралы мәліметті еш бүкпесіз, боямасыз жазуға күш салған. Тыл ардагерлерінің еңбегі де елеусіз қалмады. Қазірдің өзінде 20-дан астам  бөлім дайын. Бұл жобаны облыстық этнографиялық мұражай-қорықтың қызметкерлері жүзеге асыруда. Басты мақсат-Отан үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлеріміздің жанқияр батырлығын, ел мен жерді көлденең аттының қолына бермегендерін қазіргі жастарға жеткізу. Бейбіт күннің бағасын білу. Қала тұрғыны Ғафура Бердібаева мұражайға соғысқа қатысқан әкесінің фотосуреттерін, құжаттарын және наградаларын әкеліп, әңгімелеп берді.

Любовь Сергиенко мұражайға осы жобаға өз үлесін қосуға келген. Барлық фотосуреттер мен құжаттарды да дәлел ретінде ала келді. Ал, бұл жаңалықты біздің арнамыздан естіп білгенін айтты. Кейін өзі білетін мәліметтермен бөліспек болған.

Айта кетейік, аталған жобаға барлық ерікті қатыса алады. Өз үлесін қосқысы келетін кез-келген тұрғынды жоба ұйымдастырушылары құшақ жая қарсы алуға әзір. Облыстық музей-қорығының электронды поштасына тың ақпараттарды жіберсеңіздер де болады. Бірінші том Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында электронды түрі жарияланады. Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында бұл жоба жалғасып, жаңа томмен толықтырылып отырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар