ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ӨРТТІ МОБИЛЬДІ МАШИНАМЕН СӨНДІРЕДІ

13:36, 30 сәуір 2021

Өңірде өрттің өршеленетін уақыты басталды. Құтқарушыларда қазір тыным жоқ, тәулігіне 25 рет қызыл жалынды сөндіруге шақырту алады. Тілсіз жаудың алдын алу үшін өрт сөндірушілер саяжай аумақтарын шағын автокөлікпен аралап, ереже бұзғандарға ескерту жасайды. От тұтанған жағдайда өрттің өршуінің алдын алу үшін құтқарушылар Нива мобильді машинасын пайдаланады.  Мобильді машина маневрлі әрі 250 литр су сыйымдылығымен тиімді. Әсіресе өрт тұтанған бетте қолданса пайдасы мол. Күн жылысымен саяжай мен жеке секторлардың тұрғындары құрғақ шөптер мен шаруашылық қоқыстардан арылуға асығады. Мұның соңы кейде өртке ұласып жатады. Қоқысыңызды қойып үйлер мен мүліктер де қызыл жалынға оранатын кездер болады. Жапырақтар мен құрғақ шөптерді, ағаштар және құрылыс материалдарын, өндірістік қалдықтарды жағуға заң бойынша тыйым салынған. Өрт қауіпсіздігін бұзғандарға ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық " Кодексінің 336-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген. Өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері 57 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар