ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Өрттен зардап шеккендерге үй берілді

17:23, 21 шілде 2021

Риддерде құрбан айт мерекесі қарсаңында  өрттен зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй кілттері табысталды. Баспана құрылысы Үкімет белгілеген мерзімнен бұрын аяқталды. Көктемде Риддерде жалпы ауданы 290 гектар аумақты шарпыған өрт болып, салдарынан 30-дан астам тұрғын үй жанып кеткен еді.  Сол күні-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді, үйлерінен айырылғандарды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Нәтижесінде бір қабатты 32 үй салынып, оның 12-сі халық игілігіне берілді. Ал қалған 20 отбасы таяу арада баспанамен қамтылады. Жайлы, кең үйлер  «Ботаника» шағын ауданында бой көтерген. Барлық тұрғындарға баспана дайын күйінде тапсырылды, тіпті әрқайсысына ас үй жиһазы да орнатылған. Айтып келмеген апаттан зардап шеккендердің бірі Марина Кузнецова. Жаңа қонысқа ие болған көп  балалы ананың қуанышында шек жоқ. Риддерде болған өрт салдарынан үй-күйсіз, тіпті ішерге ас таба алмаған жандарда кездесті. Осы тұста әртүрлі қоғамдық қор өкілдері біркісідей көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды.  Қазіргі уақытта бірнеше үйде әрлеу жұмыстары жалғасуда, сонымен қатар жолдарды абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...