ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

13:34, 12 мамыр 2021

Лесхоз кентінде өрттен зардап шеккен отбасыларға Риддер қаласынан баспана беріледі. Тұрғын үйлердің құрылысы осы аптада басталады.  Баспана құрылысымен 7 компания айналысады. Ал үйсіз қалған азаматтар әзірге "Қазцинк" профилакторийінде  тұрады және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Жанып кеткен үйлер қалпына келтірілмейді. Оның орнына Лесхоз кенті тұрғындарына Риддердегі жаңа шағын ауданда бой көтеретін  тұрғын үйлерден баспана беріледі. Құрылыс жұмыстары да жедел мерзімде жүзеге асырылмақ. Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды, әрқайсысы  жеке учаскемен қамтылады.  Риддерде салынатын жаңа аудан қала орталығына жақын орналасқан, қазір су құбыры мен электр желісін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Жобаны іске асыру барысы мен құрылыс сапасын аймақ басшысының өзі қадағалайды. Бұл ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Риддердегі жағдайды жеке бақылауға алғанын ерекше атап өткен жөн. Қызыл жалын салдарынан  59 учаскедегі 31 үйдің түгі қалмай жанып кеткен. Тілсіз жаудан келген шығындарды есептеп, тұрғындарға құжаттарды және басқа да мүліктерді қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес беретін комиссиялар да өз жұмысын бастады. Ал құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін лесхоздықтар  "Қазцинк" профилакторийінде тұрады. Бұл жерде кент тұрғындары тегін тамақпенде қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек  кәсіпорын әрбір отбасына 1 миллион теңгеден қаржы аударатынын мәлімдеді. Сондай-ақ әкімдік қызметкерлері де  бір күндік жалақыларын "Бірлік" қорына аударды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Риддердегі өрттен жапа шеккен азаматтарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатқан шығысқазақстандықтарға алғысын білдірді. Өңір басшысы Даниал Ахметов өрт кезінде зардап шеккен науқастардың дәрігерлерімен де кездесті. Кәсіби көмек көрсету мақсатында облыс орталығынан мамандар шақырылғанын да атап өткен жөн. Орташа ауырлықтағы зардап шегушіні Өскемен қаласына жеткізу туралы мәселе шешілуде. Екінші емделушінің жағдайы әзірге ауыр. Аймақтың жетекші дәрігерлері науқастарды емдеу барысында риддерлік әріптестеріне ем-дом жасау бойынша кеңес беретін болады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...