ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

13:36, 22 қаңтар 2021

Семей қаласында екі жігіт өртке оранған үйден егде жастағы қала тұрғынын  аман алып шықты. Облыстық ТЖД хабарлауынша 21 қаңтар күні түнгі сағат 01:00-де Паровозная көшесіндегі өрт туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер бірден оқиға орнына аттанған. Жер үйдің дәлізі, жиһаздар, тұрмыстық техника мен жеке заттар, ас бөлмесі өртеніп кеткен. ТЖД мамандары оқиға орнына жеткенше үй иесінің көршісіне қонаққа келген  Станислав Коряковский мен Сергей Яцук жалын шарпыған үйден 70 жастағы зейнеткерді алып шыққан.«Өртті көрген олар еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Жатын бөлменің терезесін балғамен сындырып, қарт кісіні сыртқа алып шыққан. Иіс тиген зейнеткерге жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл бейбіт күннің батырлары Станислав пен Сергейдің арқасы», - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.


 


 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар