ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Өрт себебін анықтау зертханасы

17:15, 21 маусым 2022

Жыл басынан бері облыста 500-ден астам өрт жағдайы тіркелген. Ал осы тілсіз жаудың неден басталғанын анықтау қандай ауқымды, әрі қиын жұмыс екенін қарапайым тұрғындар біле бермейді.

Мұндағы зертхана мамандары қызыл жалынның шығу себебін анықтайды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі шамамен   3 немес 15  күн ішінде дайын болады. Мәселен биыл 70-ке жуық қорытынды жасалған. Мұнда өрт болған жерден әкелінген заттай деректер жіті зерттеледі.

Дайын үлгіні микроскопқа салған соң, сарапшылар сынаманы микроқұрылымдардың арнайы атласымен салыстырады. Ондағы мақсат – электр жүйесі өртке дейін зақымданды ма, жоқ әлде өрт шыққан соң істен шықты ма, соны анықтау. Оқиға орнына жете сала, мамандар дереу жедел-жылжымалы «Сириус» кешенін орнатып, тексеруге қажетті құрал-жабдықтарды алып шығады.

Құтқарушылар жиі қолданатын жабдықтардың арасында «Колион» газ талдағышы бар. Яғни, бұл құрылғы өрт болған жердегі жанғыш сұйықтықтың қалдықтарын басып алады. Буланған газ қоспаларының құрамына талдау жасайды. Сондай-ақ, тепловизорлық бақылау жұмыстарын жүргізетін де арнайы жабдықтар бар. Сонымен, зерттеу-сынақ өрт зертханасы мамандарының өрттің қалай, нақты неден шыққанын анықтау мүмкіндіктері зор.

Айта кетейік, өңірдегі өрттердің басым бөлігі тұрғын үй кешені мен пәтерлерде тіркелетін көрінеді. Басты себеп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау дейді,мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар