ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Орны толмас қаза

13:36, 3 шілде 2021

48 жасқа қараған шағында өңірге белгілі тілші Наталья Шайдуллина өмірден озды. Облыстық телеарнадағы талай жылғы еңбегі көптің есінде. Кейін «Казцинк» ЖШС-не қарасты корпоративтік газеттің бас редакторы қызметін атқарды. Адал дос, сенімді әріптес ретінде жақындарының жадында мәңгі қалмақ. Шығыс Қазақстанның журналистік қоғамдастығы үшін орны толмас қаза. Наталья Шайдуллинаны көпшілік жақсы танитын. Себебі, жылдар бойы көгілдір экранның көркі болып, хабар таратқан білікті маман. Әу баста телеарнаға суретші болып келіп, кейін жаңалықтар қызметінің тілшісі, "Қайырлы таң" бағдарламасының жүргізушісі болды. Бұл 1993 жыл еді. Әріптестері оның қызметіне әрдайым құлшына кірісетінін ерекше еске алады. Үнемі алда болуға ұмтылды. Жасаған әр сюжетіне жауапкершілік танытып, студиялық хабарлар болса, оның көркін келтірген маман еді. Талай телекөпірлерді де абыроймен жүргізді. Тілшілік тірліктегі кез-келген форс-мажор жағдайды оңынан шеше білді. Талант пен журналистік шеберлік Наталья Шайдуллина бойында тамаша үйлесім тапқандай. Достары мен әріптестері оның ерекше харизма иесі екенін айтады. 2006 жылы Наталья Шайдуллина "НТК Восток" ақпараттық агенттігіне ауысып, онда журналист ретінде 10 жыл жұмыс істеді. 2016 жылы ол «Вестник компании» газетінің бас  редакторы болды. Оның иығына үлкен жауапкершілік жүктелді, бірақ ол жаңа міндеттерді мінсіз орындауға тырысатын. Мезгілсіз дүниеден өткен талантты тілшінің жарқын бейнесі әріптестері мен жақындарының жадында мәңгі сақталмақ…

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...