ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Орман қорын молайту

13:32, 24 мамыр 2022

Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде халыққа жол тартқан «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ормандарды молайту мен орман өсіру көлемдерін арттыру мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 2 млрд ағаш отырғызуды жүзеге асыру бойынша кешенді жоспар әзірленген еді. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы ауқымды жұмыс облыс көлемінде жүзеге асуда.   

Облыс аумағындағы қалалар мен аудан орталықтарының маңындағы елдімекендерді көгалдандырып, жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспары бойынша жұмыстар атқарылуда. Оған сәйкес жыл сайын кемінде 100 000 дана көшет өсірілуі тиіс. Жоспарға сай, биылдың өзінде 74 мың данадан астам ағаш отырғызылған. Сонымен қоса орман қорын молайту бағытында орман шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда да бұл жұмыс жалғасын табуда. Мәселен, 2021 жылы 3841 га алқапқа 18 млн дана ағаш егілген.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар