ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Өр Алтай-тұлпары» бәйгесі

17:15, 11 мамыр 2022

Үлкен-Нарын ауылындағы ипподромда Катонқарағай ауданы әкімінің жүлдесі үшін «Өр Алтайдың-тұлпары» атты аламан бәйге өтті.Айтулы шара аудан тұрғындары мен қонақтарына керемет мереке сыйлады. Аудандағы үлкенді-кішінің бәрі атшабар алаңынан табылды. Әр ауылдық округ ақшаңқан киіз үй тігіп, мерекенің ажарын ашты.

Шаң қаптырар шабандоздар жарысы аудан тұрғындары үшін мерейлі тойға айналды.Шабандоздар тай, құнан, жорға жарыс 5,10, 15 шақырымдық бәйгеде өзара кім мықтыны анықтады. Сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген атбегілер қатысты.Мәселен, Катонқарағайлық Абылай Ыбырайұлының тұлпары ұшқыр бәйгеде топ жарды.

Ал 5 шақырымдық бәйгеде Катонқарағайдың 3 бірдей шабандозы топ жарды. Үлкен Нарын ауылының намысын арқалап келген Сымбат Адрышевтің «Алау» есімді аты үшінші, Коробихалық Құрмет Қабдығалиевтің «Бораны» екінші орынды еншілесе.Талап Асылхановтың «Музарты» 1 орынды қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.  Ал атшабарға жиналған ағайынның күткені әрине 100 шақырымдық бәйге. Бұл қашықтықта алғашқы бестікке ілінген азаматтарға жүлде табысталды. Үштікке ілінген жүлдегерлерге тоқталсақ, Айдар Амангелдінің «Ақбақайы» мәр сызығын үшінші болып кесті. Жылқы иесіне – 800 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Ал екінші орынға табан тіреген  Сергей Рыбиннің-«Тайраны». Еншілеген жүлдесі  1 млн.теңге. 100 шақырымдық бәйгеде тұлпарлар дүбірі мәре маңайынан үш-ақ сағат ішінде естілді. Қара үзіп келген сәйгүлік самарлық Руслан Шайырғазиндікі.

Шара соңы өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...