ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ономастикалық комиссия жұмысы

13:32, 27 маусым 2022

Өңірлік-коммуникациялар орталығында Мәдениет басқармасы өкілінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Кең талқыланған тақырып - ономастика саласы.

Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Төлемісованың айтуынша, бүгінгі күні облыста ономастика саласы бойыша бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 2 жылда облыста ономастика комиссиясының 8 отырысы өтіп, 328 көше атауы өзгертілген. Ал, биыл 150 идеологиялық тұрғыдан ескірген көшені өзгерту жоспарланған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік тілді дамыту бойынша түрлі ауқымды шаралар қолға алынған. Мәселен, көшедегі жарнамадағы қателер көз сүріндіретіні жасырын емес. Арнайы мониторингтік топ құрылып, 1000-ға жуық нысанды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сала мамандары кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетті. Шара барысында 348 мәтіндік қате табылып, қазіргі таңда түзетілген.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бойынша аймақта биыл 30-ға жуық шара жоспарланған. Бұл шаралар тілдік орталық құруды және дамытуды көздейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар