ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Өңірде тұрғын үй саны артады

13:32, 19 қараша 2021

Облыс басшысы Даниал Ахметов тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша кеңес өткізді. Оған қала және аудан әкімдері онлайн форматта қатысты.  Өңір басшысы Үржар, Зайсан аудандарында құрылыс қарқыны дамып келе жатқанын, ал Риддерде баспана салу жұмысы төмендеп кеткенін баса айтты.Облыс басшысы қала мен аудан әкімдеріне 2022 жылға арналған құрылыс бағдарламасын және 2023 жылға арналған міндеттердің жоспарын әзірлеуді  тапсырған болатын. Бекітілетін жоспарда қанша тұрғын үй және қандай үлгіде салынатыны туралы толық ақпарат пен оның  жобалық-сметалық құжаттамасы берілуі тиіс. Аймақ басшысы жиында облыстағы тұрғын үй құрылысы қарқынынын төмендетпеу керектігін де алға тартты. Мәселен, Зайсан ауданында 12 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс барысы жүргізілуде. Ал Риддерде халық саны аталмыш аудандағыдай болғанымен, құрылыс көлемі 7 мың шаршы метрді ғана құрайтын көрінеді. Алтай және Шемонаиха өңірлерінде салынып жатқан үйлердің санын көбейту қажет дейді облыс әкімі.Жиын соңында өңір басшысы қараша айының аяғында әкімдерді жеке қабылдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, коммерциялық тұрғын үй салуға келісім берген жеке инвесторларды қолдауға дайын екенін айтты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар