ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Оңалту орталығы ашылды

13:32, 25 мамыр 2022

Өскеменде өмір қиындығына тап болған мүгедек балаларды бейімдеу орталығы ашылды. «Мархабат.KZ» арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесінде көптеген медициналық қызметтер балаларға тегін көрсетіліп, оларды арнайы жаттығулар арқылы сауықтыратын болады. Көпшілік бұл істің игі екенін айтуда.

Жақсылық жасап жарысайық. «Мархабат.kz мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дарын Сағидолдин, мүмкіндігі шектеулі жандарға да он екі мүшесі сау адамдардай мүмкіндік берілуі тиіс, олар тағдыр сынына мойымай алға жылжуы керек, -  дейді. Сондай-ақ бұл бастама биылғы балалар жылына орайластырылып, арнайы ұйымдастырылғанын да айта кетті.

Қала тұрғыны Ғалия Сатамбаева бұл орталықтың қызмет сапасы өте жоғарғы деңгейде, - дейді. Санаулы күндер ішінде немересінің қимыл қозғалысынан біршама өзгерістерді байқаған ол, дәрігерлер жасатқан жаттығулардың әсері айтарлықтай пайдасын беріп жатқанын да айта кетті. 

Орталықтың ашылу салтанатына арнайы келген эстрада жұлдызы Кенжебек Жанәбілов қайырымды істерді қолға алып жүрген осындай азаматтарды барынша қолдауымыз керек, - дейді.

Орталықтың мамандары мұндай балаларды мүмкіндігі шектеулі деп емес, ерекше қабілеті бар жандар деп қабылдауымыз керек,-дейді. 80-ге жуық адамды бір уақытта қабылдай алатын мекемеде релакс сабағы, арнайы демалыс орындары, әр сыныпқа арналған жеке бағдарламалары да бар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар