ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ӨКПЕ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА?

13:40, 5 сәуір 2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша өкпе ауруына  шалдыққандардың саны азаймай отыр. Жыл сайын қауіпті сырқат миллиондаған адамның өмірін жалмайды. Қазақта құрт ауруы деп аталатын дертпен күрес жүргізуде шығысқазақстандық ақ халаттылар қаншалықты дәрменді, қандай шараларды жүргізуде?  «Туберкулез адамнан адамға жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде тарайды. Қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Еденге, заттарға шаңмен қонып, тұнған бактериялар жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін. Ауру негізінен ауа арқылы таралатындықтан 85-90 пайыз жағдайда өкпе зақымданады» дейді мамандар. Соңғы жылдары тек ересектер арасында ғана емес, балаларда да бұл ауруға шалдығу көрсеткіші жоғары болғанымен оның алдын-алуға болады дейді ақ халаттылар. Медицина ауру белгілерін ерте анықтайтын сатыға көтерілді. Бүгінде ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Көбінесе өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы ешбір ауру белгілерінсіз өтетіндіктен, тек флюографияға түсіргенде анықталады.  «ШҚО фтизиопульмонология орталығы» материалдық-техникалық тұрғыдан әлдеқайда жаңарған. Бүгінде қолданыстағы құрал-қондырғылармен емдеудің түрлі әдістері қолданылуда. Туберкулезге ұрынбаудың жолы – тазалық, гигиеналық талаптарға сақталса, айналаға қауіп тудырмайды дейді мамандар. Сол сияқты дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, таза ауа жұтып, серуендеуді әдетке айналдырса, кеселді ауыздықтауға толық мүмкіндік бар екендігін естен шығармайық.

 

 

                                                             

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...