ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ОФЛАЙН ФОРМАТҚА КӨШТІ

13:38, 18 қаңтар 2021

Елімізде студенттер II семестрден бастап аралас оқыту форматына қайта оралды. Енді сабақтар тек онлайн форматта ғана емес, офлайн режимінде де өтеді. Соңғы бір жылдан бері қашықтан білім алған студенттер бұл жаңалықты қалай қабылдады? Тілшілеріміз тарқатсын. Ведомствоаралық комиссияның шешімі мен бас санитарлық дәрігердің қаулысына және ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес бірінші курс студенттері үшін университеттер мен колледждерде оқыту аралас форматта штаттық режимде жүргізілу қайта қолға алынды. Дегенмен сақтық шаралары басты назарда болады,- дейді жауапты мамандар. Ал екінші, үшінші, төртінші курс студенттері үшін оқыту бұрынғыдай онлайн форматта жалғаса бермек. Физика-химиялық және биологиялық  бағытта білім алатын магистранттар үшін оқу офлайн түрінде өткізіледі. Ал басқа мамандықтар үшін қашықтан оқыту әдісі жалғасады.  Мектеп оқушыларына келер болсақ, Білім министрлігінің шешімімен 9 және 11 сынып оқушылары үшін емтиханға дайындалу мақсатында дәстүрлі оқыту форматына көшу көзделген. Жоғары сыныптардың оқу бағдарламасының 70% -ы аралас түрде және 30% - ы қашықтықтан өтетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар