ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Новоявленка тұрғындары неге наразы?

17:19, 10 маусым 2021

Өскеменнің іргесіндегі Новоявленка ауылында 1800-ге жуық тұрғын бар. Елді мекен облыс орталығына жақын орналасқанымен, тұрғындардың өтініш-тілегі жабулы қазан жабулы күйінде қалып келеді. Ауылдағы ағайынның жанына батып жүргені - жол мәселесі. Шұрық тесік жолдар жүріс бермей, кедергі келтіргені былай тұрсын, күн сайын үйлердің жанынан тоқтаусыз жүріп жатқан көліктерден шығатын шаң-тозаңдардан тынысымыз тарылды дейді жергілікті тұрғындар. Ауылдағы жүк көліктері тоқтаусыз өтіп жүрген көше Зеленая деп аталады. Тоқан Түсіпов осы ауылда 15 жылдан бері тұрады. Соңғы 4-5 жылда көліктерден шығатын шаң-тозаң, дабыр-дүбір дыбыстар мен солярканың иісі жергілікті тұрғындардың мазасы әбден қашырды дейді. Туған ауылы үшін тыным таппай шырылдап жүргендердің бірі Наталья Никитина қариялар мен балалар көшеге шығудан қалғандығын айтты. Ауылдағы Ларионов, Береговая, Овражная, Центральная, Новая, Почтовая, Коммунаров, Степная көшелерінің де жағдайы мәз емес. Қала мен ауылды жалғап отырған №71 автобус ауылдағы жолдардың басым бөлігін басып өтеді. Новоявленкаға қатынайтын жар дегендегі жалғыз қоғамдық көліктің жүргізушілері жолдың сапасыздығынан күн сайын көлікті жөндетуге мәжбүрміз дейді. Жол мәселесінің шешім таппауынан автобустың жүрісі де баяулаған. Кейде тіпті жүруге жарамсыз болып, сынып та қалады. Көп сұраққа жауап алу мақсатында Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бас сұқтық. Ауыл тұрғындары осы уақытқа дейін шағымдарын айтып, көп табалдырықты тоздырғанымен әзірге еш нәтиже болмай отыр. Алайда үмітімізді үзбейміз дейді.

 




 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...