
Аймақ тұрғындары енді жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді нотариусқа жүгінбей-ақ рәсімдей алады. Аталған бағыттағы жұмыстар ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің бұл түрін рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет, жаңашылдық несімен ерекше? Тілшіміз анықтап көрді. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік қызметті пайдаланушылар көбіне нотариустың көмегіне жүгінеді. Ал бұл қызметтің өзге де баламасы бар екенін көпшілік біле бермейді. Мәселен, жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерді анағұрлым аз қаражатқа ХҚКО-да рәсімдеуге де болады. Ол үшін сіз онлайн кезекке тұрып, қызметті алу үшін белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келуіңіз керек. Өскемендіктер де өз кезегінде аталған мемлекеттік қызметті ХҚКО алған ыңғайлы екендігін айтады. Дайын құжаттарды сұраныс жібергеннен кейін бір күн өткен соң алуға болады.