ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

"НАУРЫЗ " КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

13:34, 25 ақпан 2021

ШҚ Өнер музейінде "Наурыз-философия" көрмесі ашылды. Музейдің бағаналық залынан Өскемен суретшілерінің жеке коллекцияларынан кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы қолөнер туындыларын көруге болады. Толығырақ тілшіміз тарқатсын. Шараның мақсаты өнер музейінің құнды жәдігерлері мен қолөнер шеберлерінің жасаған ұлттық құндылықты, салт-дәстүр мен өнерімізді дәріптейтін шығармаларымен таныстыру. Мысалы құрбандық шалу рәсімін, наурыз көжені дайындауды Шәңгерей Ыбыраевтың акварельдерінен көруге болады. Наурыз-күн мен түннің теңелетін, тіршіліктің жаңаратын уақыты.  Суретшілерді шабыттандыратын тақырыптар осы мезгілде пайда болады. Әр көрмеде көктемнің өзіндік философиясы қамтылған. Мысалы, Марат Смайыловтың туындысында  ертегідей әсер ететін стильдердің толық қоспасы бар. Ұйымдастырушылар «бүгінгі көрме халыққа ерекше әсер қалдырары анық» дейді Музей қызметкерлері әлеуметтік желілерде онлайн-экскурсия ұсынамыз дейді. Ал мұнда арнайы келушілер үшін экспозиция 28 наурызға дейін жұмыс істейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...