ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Нақты қадам, жоспарлы жұмыс

17:16, 11 қаңтар 2022

 «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі - Президенттің Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінің тақырыбы. «Сабақ» дегені бекер емес, елдің соңғы күндері басынан өткені шынымен де болашаққа баршаға сабақ болды. Өткен уақыт өтті, алдағыны ойлау керек. Мемлекет басшысының бүгінгі сөйлеген сөзі соны меңзегендей. Қиынды өткердік, ендігісі – алға мақсаттар қою, жоспарларды орындау. Жаңа үндеу жақсылықтың бастамасы болмақ.

Мемлекет басшысының халыққа жасаған бүгінгі үндеуі көпке үміт сыйлады. Президент әлеуметтік экономикалық әлеуетті, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты нақты міндеттерді жүзеге асыру керектігін айтты. Ендігі мақсат тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу, дүрбелең салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету. Экономикалық саясаттың мақсаты – айқын. Яғни, заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту.  Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері  Операторы» ЖШС  жұмысын сынға алды. Себебі , аталған мекеме ескі көліктерді қабылдаумен,қайта өңдеумен айналысады. Аталған бастама жүзеге асса, темір тұлпарлардың бағасы да төмендеуі мүмкін дейді, экономист Айгүл Асубаева.

 «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлт ұстазының сөзін келтірді Президент. Сондықтан өңірлердегі мұғалімдер жетіспеушілігі мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін қабылдау қажет. Негізгі басымдылық сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға берілмек. Білім ошақтарының материалдық базасын жаңартып қана қоймай, білікті педагогтармен аталған саланы қамту керек деді,мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент күштік құрылымдар азаматтарымызды, конституциялық құрылысты, егемендікті кез келген сипаттағы қауіп-қатерден  барынша тиімді қорғау үшін үйлесімді жұмыс істеуі тиіс екендігін айтқан еді. Заң саласында қызмет етіп жүрген шығыстағы азаматтар Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі шаралардың бірден қабылдануы өз жемісін берді деп отыр. Мемлекет басшысының бірнеше рет халыққа үндеу де жариялауы да уақытында қабылданған шешім болғанын айтады. Президент мәлемдемесіне үн қосып, қолдау танытқан азаматтар арасында шығысқазақстандықтар да бар. Өңір тұрғындары елдің мықтылығы қазіргі береке-бірлігімізбен сыналады деп санайды.

Президент қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық әділетсіздік туғызып отырған мәселелерді тізіп айтты. Мемлекеттік институттарды дамытудың жолын көрсетіп, нақты бағыттар берді. Ал егер одан  нәтиже болмаса, ол институттар таратылады. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етпек. Сондай-ақ жастардың, әсіресе жұмыссыз жастардың экономиканың бір мүшесі екенін сезінулеріне мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар