ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

МЫС ЗАУЫТЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

17:15, 25 ақпан 2021

"Қазмырыш" компаниясы алғашқы мерейтойлық мысты шығарды. 2011 жылы кәсіпорын тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі ретінде Өскеменде мыс зауытын салу іске асырылған-ды. Ағымдағы жылдың ақпан айында өндіріс ошағы өзінің алғашқы мерейтойын атап өтті. Зауытта катодты мыстың 10 миллионыншы парағы шығарылды.  «Қазмырыш» кәсіпорнының мыс зауыты 2011 жылы ашылды. Өндіріс алаңының құрылысы төрт жылға созылып, нысанның бой көтеруіне әлемнің 10 мемлекетінен 5000-нан астам маман жұмылдырылды. Бүгінде бұл зауыт Австралия, Германия, Жапония, Австрия және Швециялық жетекші әлемдік компаниялардың соңғы технологиялары қолданылатын ең заманауи кәсіпорын. Отандық металлургия өнеркәсібінің алыбы саналатын компания жыл сайын миллион тоннадан астам өнім өндіреді. 24 ақпанда мыс электролизі цехында "қызыл металдың" мерейтойлық партиясы шығарылды. Құттықтау сөздерінен кейін салтанатты түрде арнайы кран 10 миллионыншы катодты әкелді. Мұрат Шөгеловтың бұл зауытта еңбек еткеніне 8 жылдан асты. Осы уақыт ішінде ол өз ісінің шебері атанып, бүгінде анодтарды дайындауда үздіктер сапында.Зауыт мамандары соңғы бес жылда өндірістің өнімділігін арттыра түскен. Өнім шығару мерзімі алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда жарты жылға алға басқан. Бұл зауыт қызметкерлерінің тәжірибе жинақтап, іске әбден төселгендігінің белгісі,- дейді өндіріс басшылығы. Ал мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шара соңында зауыттың үздік қызметкерлерінің еңбегі еленіп, марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар