ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мұнай мен газ қорлары

13:30, 29 маусым 2022

Аймақ басшысы «Tarbagatay Munay» компаниясының өкілдерімен  жиналыс өткізді. Басқосуда кәсіпорын қызметіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланды. Компания Зайсан ауданының елді мекендерін газбен қамтамасыз етіп, Қытайдан келетін серіктестері алдында экспорттық міндеттемелері бар екені де тілге тиек болды.

Энергетика министрлігінің зерттеу сараптамасы аяқталғанға дейін ҚХР-ға газ жеткізу тоқтатылған болатын. Бүгінгі күні компания басшылығы осы жылы мұнай өндіруді бастайтынын және осы әзірлемелерден қосымша газ өндіруді қамтамасыз ету мерзімін 10 жылдан 30 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

 «Tarbagatay Munay» компаниясының басшысы Ван Дашань аймақ басшысының сауалдарына жауап беріп, көпті мазалаған сұраққа жауап айтты.

Даниал Ахметов ауданды одан әрі газдандыру бойынша барлық жұмыс тоқтаусыз жалғасатынын айтты. Тұрғындарға алаңдауға негіз жоқтығын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар