ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мұхтар Әуезовке-125 жыл

13:30, 12 мамыр 2022

Биыл қазақ жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі   Мұхтар Әуезовке 125 жыл. Осы орайда тұлғаның мерейтойын тойлау Абай ауданынан бастау алды. Оның әдебиетке қосқан үлесі орасан.  20 аса пьеса жазды. Жарық көрген шығармалары шет елдердің бірнеше тіліне аударылыды.

Салтанатты шара шымылдығы « Абай жолы  - даналықтың даңғылы» атты қойлыммен түрілді. Онда Мұхтардың балалық шағынан үзінді көрсетілді. Қаршадайынан алғыр да, зеректігі суретелді. Көпшілікке ой салар тағылымды өлеңдер оқылып, нәрлі әңгімелер айтылды.

Мерекелік жиында Абай, Шәкәрім әндері айтылды. Жиналған жұрттың көңіліне серпін беретін күйлер тартылды. Сонымен қатар, аудандағы жас ақындар Мұқтар Әуезовке арнауларын арнады. Өлеңмен өрнек өрді.

Мұхтар Әуезов туған халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұрмыс –тіршілігімен бар болмысын әлемге паш еткен тұлға. Қазіргі жастардың жазушыға деген құрметі айрықша.

Мұхтар Әуезовтің мерейтойы жыл көлемінде тойланатын болады.   Абай ауданынан бастау алған бұл шара 28-ші қыркүйек күні тұлғаның туған жерінде қортындыланбақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...