ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Мұғалімдер әулеті

13:38, 13 қыркүйек 2021

Қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні. 2013 жылы Елбасы бастамасымен қабылданған Жарлыққа сәйкес осы күні ресми түрде аталып өтеді. «Отан – отбасынан басталады» деп бекерге айтпаса керек, бір ғана жанұясымен ел дамуына өз үлестерін қосып, үлгілі отбасыға айналған шаңырақтар аз емес. Солардың қатарында өскемендік мұғалімдер әулеті бар. Бұл отбасын берекесі мен бірлігі жарасқан жанұя деп сипаттауға болады. Бүгінде бірнеше буын ұстаздық жолын жалғағандардың үлкені, зейнеткер Ирина Кожушко талай жыл мектепте математика пәнінен сабақ берген. «Анаға қарап қыз өсер». Ирина Кожушконың қызы Мария да анасының ізімен келеді. Үш баланың анасы ұстаздық жолды таңдау өзге емес, өз қалауым болды дейді. Марияның өмірлік серігі Дмитрий де қарапайым химия пәнінің мұғалімінен бастап, қазіргі таңда мектеп директоры қызметін атқарып отыр.  Әулеттің балалары да оқуда озат, тәртіптері тамаша. Үлкен қыздары Ира мен ұлдары Илларион спорттық биден республикалық, халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...