ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Мониторинг тобының жұмысы

13:30, 10 қыркүйек 2021

Жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы Шығыс Қазақстанға келді. Өңір-өңірді аралайтын тұлғалар Өскемендегі бірнеше халыққа қызмет көрсететін орынға барып, жұмыстарымен танысты. Мониторингтік топ ең алдымен Өскемен қаласы әкімдігінің жанында орналасқан «Ашық әкімдік» кеңсесінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл орынның мақсаты – тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету және жемқорлықтың алдын алу. Нақты айтқанда, бұл жерде әр бөлімнің мамандары кезектесіп, тұрғындардың мәселелері бойынша жауап береді. Бір сөзбен айтқанда халықпен байланыс жасаудың тиімді әдісі жүзеге асады. Сондықтан, мұндай орындарда іс-әрекеттердің заң жүзінде орындалуы, жұмыстың жүйелілігі маңызды. Кеңес мүшелері «Ашық әкімдік» кеңсесіндегі қызмет барысын бақылаған соң, облыс әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне барды. Бұл орынның да тұрғындар үшін атқарар қызметі зор. Себебі, азаматтар қандай да бір мәселелерін тікелей аймақ басшысының атына жолдай алады. Сонымен қатар, бөлмеде келушілердің цифрлық қызмет алу мүмкіндері бар. Жұмыс тобының мүшесі Дәулет Жүсіповтың айтуынша, бұл бағытта жетілдіретін шаруалар әлі де бар. Мониторингтік топ арнайы бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын қадағалауға келген. «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының мамандары осылай дейді. Венера Есілбаева бұл іс Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сай жалғасып отырғанын айтады. Топтың жұмысы тыңғылықты болса да, «тексеріс» деп қабылдауға келмейді. Негізгі мақсаты - көру, танысу, ұсыныс айтып, қабылдау. Әсіресе, жемқорлық фактілеріне қатысты жайттарды саралап, тиісті орындармен бірлесе жұмыс істеу көзделген. Астанадан ат терлетіп келген топтың жұмысы облыста әлі аяқталған жоқ. Аймақтағы ірі қалаларды аралап, аудандарға да жол тартпақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...