ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мәжіліс Төрағасының сапары

17:16, 19 мамыр 2022

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумның маңызы мен міндетін түсіндіру үшін жұмыс сапарымен облысқа келді. Ең бірінші Семей қаласында болып, өңір жұртшылығымен кездесті. Жиын барысында Президенттің бастамасымен елде үлкен өзгерістер болып жатқанын атап, абайлықтарды жаңа облыстарының құрылуымен құттықтады.

Мәжіліс Төрағасы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ұжымымен кездесті. Сонымен қатар, ел бойынша қабырға материалдарын шығаратын ірі кәсіпорын «Силикат» зауытында болып, жұмысшылармен әңгімелесті. Бұдан бөлек, мүгедектерге арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысымен танысты.
Ерлан Қошановтың айтуынша, Президенттің Абай облысын құру туралы шешімі аймақтың одан әрі дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер пайда болады.

Президент реформалары жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, келешекте Парламенттің рөлі күшеймек, сайлау жүйесі де өзгереді, деді Ерлан Қошанов. Ал «жаңа қазақстандық» қандай болу қажет? » дегенге: Мұны осы топырақта туған ұлы Абай 1 жарым ғасыр бұрын айтып кеткен. Ол – бес нәрседен қашық боп, бес нәрсеге асық болу. Абай философиясы «Жаңа Қазақстан» көзқарасымен үндеседі,- деп айтты.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қарауылдағы Абай атындағы мектеп-гимназиясын аралап, мұғалімдермен және мектеп оқушылармен кездесті.
 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...