ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мәуліт кеші өтті

17:30, 22 қараша 2021

Өткен аптада облыс орталығында "Рахым нұры Әз - Мұхаммед" Мәуліт кеші өтті. Шараның өткізілуіне  Халифа Алтай атындағы мешіт пен облыстық Дін істер басқармасы ұйытқы болды. Рухани кеш барысында жоғарғы оқу орындарының студенттер театры келушілер назарына қойылым ұсындыРухани кештің шымылдығын ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, Халифа Алтай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай ашып, өңір жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Облыстағы өнер майталмандары әуелете әуезді ән шырқап, қара домбырамен күмбірлете күй шертті.Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері де жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, игі шараның өтуіне ұйытқы болған азаматтарға ақжарма тілектерін жолдады. Рухани кеште терме шырқалып, діни-танымдық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.Сонымен қатар "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында баспанаға мұқтаж азаматтар арнайы шақырылып, оларға «Мәуліт сыйы» берілді. Жаңа қонысқа ие болған азаматтар демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді. Айта кетейік, биыл Өскемен аймағы өкілдігі мұқтаж жандарға 5 пәтер кілтін табыс етті. Оның ішінде дін қызметкерлеріне 3, жалғызбасты аналарға 2 пәтер. Қаржылай көмек сұраған азаматтарға да 200 000 теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді.Шара барысында Өскемендегі жоғарғы оқу орнының студент жастар театры келушілер назарына қойылым ұсынды.Рухани кеш соңында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай көрермендерге ризашылық білдіріп, рухани кештің өтуіне жағдай жасаған облыс басшылығына, Мәуліт мерекесіне атсалысқан барлық өнерпаздарға, имамдарға шынайы алғыс айтып, елімізге амандық пен бейбітшілік тіледі. Көрермендер мәуліт мерекесін жоғарғы деңгейде ұйымдастырған Өскемен аймағы өкілдігіне ризашылық білдірді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар