ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

13:34, 4 наурыз 2021

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылға арналған бюджетті өзгерту мәселесі қаралды. Бұл облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын басым бағыттарға қайта бөлумен байланысты.  Сонымен қатар несиелерді қайтару бойынша дербес комиссияны құрылымдау мен қоғамдық кеңес мүшелерін бекіту мәселелері қарастырылды. Қосымша қаржы тұрғындардың маңызды проблемаларын шешуге бағытталады. Мысалы 10 ауылдың әкімдіктері «Ашық әкімдік» форматында қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу үшін 38, 9 млн тг жұмсалған.  Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының айтуынша, биыл тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін 30 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Сонымен қатар биыл Чернобыль атом электр станциясындағы жарылысқа 35 жыл толуына байланысты монумент салынады. Осы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларды еске алуға бөлінген 17 млн теңге игеріледі. Сондай-ақ Өскемен мен Риддер қалаларындағы кейбір  көшелердің  атауы өзгереді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі Образцовая көшесіне белгілі ғалым Менделеевтің, ал Менделеев көшесіне металлург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бағдат Шаяхметовтың аты берілетіні туралы айтты. Риддердегі Островский көшесі Абай даңғылы деп  ауысады. Депутаттар көшелерді қайта атауды бірауыздан мақұлдады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар