
Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында депутаттар ШҚО аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама аймақ экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Аталған бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторлары ҚР-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында бекітілген міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде айқындалған. Бекітілген тізбеге қосымша облыстың даму ерекшеліктері мен проблемаларын көрсететін 9 индикатор енгізілді. Индикаторлардың жоспары Ұлттық экономика және басқа да салалық министрліктермен келісілген. Сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған өңірді дамытудың 4 негізгі бағыты айқындалды.